Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде Академиялық адалдық ережелері туралы кураторлық сағат өтті

Жоғары колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа «ЖОҚ» деп айтайық. Академиялық адалдық ережелері» тақырыбында онлайн-кураторлық сағат өтті.

Бұл кураторлық сағат жазғы емтихан сессиясы қарсаңында колледждің барлық академиялық топтары үшін өткізілді.

Студенттерге сыбайлас жемқорлық деген не, оның себептері, онымен күресудің жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңызды фактор болып табылатын Академиялық адалдық ережелері түсіндірілді.

Қазақ тілінде жоғары санатты құқықтық пәндер оқытушысы Ш.Ж. Жасұзақова, орыс тілінде құқықтық пәндер оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі  С.А. Мужчиль сөз сөйледі. Олар студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Таранова студенттерге ішкі тәртіп ережелерін еске салып, сессияны сәтті аяқтауды тіледі.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo