Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж оқытушылары ШҚО аудандарымен кәсіптік бағдар беру бойынша онлайн кездесулер өткізді

Жоғары колледж өкілдері 9 және 11 сынып оқушыларына колледж тарихы, ондағы оқудың артықшылықтары, мамандықтары, әлеуметтік серіктестері, колледж түлектері және олардың табысы әрі жұмысқа орналасуы туралы айтып берді.

Кездесуде Катонқарағай, Абай, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое және Аягөз аудандары қамтылды.
Студенттер тыңдаған ақпаратқа үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Оларды колледжде қанша уақыт оқитындығы, гранттардың бар-жоғы, қандай байқаулар мен олимпиадалар өткізілгені қызықтырды.
Спикерлер студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Мектеп оқушылары С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі дәстүр мен инновацияны біріктіретін жаңа форматтағы колледж екенін білді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл жас ұрпақты қалыптастыру жолындағы өте маңызды қызмет. Барлық түлектерге дұрыс таңдау жасап, сапалы білім алуына тілектеспіз! 
Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo