Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж «Му PRO» облыстық мамандықтар фестиваліне қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжі 24-28 мамыр аралығында өткен облыс мектептерінің 9-11 сынып түлектеріне арналған «Му PRO» мамандықтар фестиваліне қатысты.

Бұл іс-шараға облыс қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында оқушылардың назарына Жоғары колледж туралы және оның мамандықтары, әлеуметтік серіктестері, жетістіктері мен үздік түлектері, түлектерді жұмысқа орналастыруы, үйірмелері мен спорттық секциялары, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жайлы және т.б. ақпараттарды қамтитын бейнеролик пен буклеттер ұсынылып, іс-шара соңында оқушылардың оқуға түсу жайлы сұрақтарына жауаптар берілді.

Айта кететін жайт, аталған іс-шара облыстың кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM тұғырнамасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және түрлі мамандықтарды таныстыру мақсатында өтті.

Бұнымен қоса, кәсіптік бағдар беру мақсатындағы іс-шаралар аясында Күршім, Бесқарағай, Үржар, Тарбағатай, Жарма, Бородулиха және Көкпекті аудандарының түлектерімен онлайн кездесу өтті. Бұл кездесулерде Жоғары колледж бен С. Аманжолов атындағы ШҚУ жайлы ақпарат беріліп, түлектер сұрақтарына жауап берілді.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo