Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері Шығыс Қазақстан өнер мұражайындағы «Музей түні» онлайн акциясына қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қызметкерлерімен бірлесіп, тәуелсіз мемлекетіміздің көпғасырлық қалыптасу тарихын театр этюдтерінің бейнелік түрінде ұсынды.

Шараның негізгі бөлігі «Алаш асылдары» графикалық портрет байқауы болды. Бұл байқау Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына, Алаш үкіметінің көшбасшысы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Қысқа уақыт ішінде Өскемен, Семей қалаларынан, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарынан 17 қатысушы 30  портретті (акварель, пастель, тушь, қауырсын, гуашь, аралас техника), эстамп және баспа техникасында трафаретті салды. Байқауға «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің және суретші Н.П. Аштеманың студиясының жас авторлары, сондай-ақ, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері қатысты.

– Көрмеден көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов, дәрігер Халел Досмұхамедов, жазушы, саяси қайраткер Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов сынды бірқатар Алаш ардақтыларының бейнесін өзгеше қырынан танисыз, – дейді Өнер музейінің қызметкері Толқын Тетепова.

Көрме барысында халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы да аталып өтілді. Жастар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, марапатталды.

Шығыс Қазақстан өнер музейі

Қазақ
× You found a Typo