Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған көрме ашылды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ашылды.

Ғылыми кітапхананың студенттер оқу залында (103 ауд.) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей, болашақты құру мүмкін емес.

Сондықтан 1927-1953 жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау – қасиетті парыз.

Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар және де жинақтар ұсынылған.

Атап  айтқанда, кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Азалы кітап» (атылғандар тізімі), Х.Сейткемеловтің «Шұбырынды қанды босқын», З.Қыстаубаев пен Б.Хабдина құрастырған «Қызылдар қырғыны», М.Мусиннің «Түнекте тұншыққандар», Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», «Зобалаң», М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», Д.Ахметбековтің «Қасірет», «Ұлы тұлғалар» ғылыми библиографиялық сериясының кітаптары, А.Тасымбековтың «Жан дауысы. Алжир архипелагі», т.б. әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo