Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы ғалым Л.Абдуллинаның еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы биобиблиографиялық көрсеткіш жасап, университет ғалымы, профессор Люция Ильдаровна Абдуллинаның еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, профессор Люция Ильдаровна Абдуллинаның туған күніне орай Ғылыми кітапхана қызметкерлері оның көпқырлы қызметін көрсететін еңбектерінің биобиблиографиялық көрсеткішін жасады. 

Биобиблиографиялық көрсеткішке жинақтар мен мерзімді басылымдардан диссертациялардың авторефераты, монографиялар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар, ғылыми және публицистикалық мақалалар енгізілген.

Ғылыми жұмыстардың хронологиялық қамтылуы 1993 жылдан 2021 жылға дейін ұсынылған. Көрсеткіш филологтарға, оқытушылар мен студенттерге және ғалымның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқандарға арналған.

Люция Ильдаровна Абдуллинаның ғылыми жұмыстары "Руханият" электронды кітапханасында және "Мақалалар", "Еңбектер", "Кітаптар" электронды библиографиялық мәліметтер базасында орналастырылған.

Кітапхананың ғылыми оқу залында (229 каб.) ұйымдастырылған Люция Ильдаровна Абдуллинаның еңбектер көрмесіне шақырамыз.

Көрмеде монографиялар, оқу құралдары, конференция материалдары, журналдар мен жинақтардағы ғылыми мақалалар ұсынылған.

Люция Ильдаровнаны туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Л. Ершова,

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo