Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Ұлттық идея қазіргі заманғы Қазақстанды шоғырландырудағы фактор ретінде» вебинары өтті

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлттық идея қазіргі заманғы Қазақстанды шоғырландырудағы фактор ретінде» атты вебинар өткізді. 

Вебинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. «Этносаралық және конфессияаралық толеранттылық ұлттық идеяның негізі ретінде», «Цифрлық тарих: ұлттық идеяны сақтау тетігі ретінде», «Шығыс Қазақстан өлкетануы және топонимдері ұлттық идея контекстінде», «Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін іске асырудың тиімді тетігі ретінде»  тақырыптарында қызықты әңгіме және пікірталас болды.

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы Семей өңірлік секторының меңгерушісі М.Е.Өмірханов, ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Л.П.Турова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайтану» орталығының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Л.Краснобаева, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Сандық гуманитаристика» ББ 3 курс студенті Р. Татамышева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Г.Қ.Тарина, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Философия» ББ докторанты А.Т.Жиренова тақырып бойынша ойларымен бөлісті.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo