Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Шығыс таланттары-2021» облыстық вокалдық-аспаптық өнер фестиваль-байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық вокальдық және аспаптық шығармашылық «Шығыс таланттары-2021» онлайн конкурс-фестивалін өткізді.

Конкурс-фестивальдің мақсаты – талантты жастарды анықтау, өскелең ұрпаққа патриоттық, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, жастар ортасында Отанға, өз халқының мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Аталмыш онлайн конкурс-фестивальге қала, аудан мектептерінен 51 үміткер қатысты. Конкурс-фестивальге қатысушылар аспаптық және вокалдық номинациялры бойынша сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша вокалдық жанр номинациясында 1 орынды Айдана Ашубаева (Алтай қаласы №7 орта мектебі), Екатерина Лаврова (Алтай ауданы №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі), Бақытжан Құрманбай (Ұлан ауданы Тарғын ауылы І. Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені), 2 орынды Аружан Дауылбаева (Семей қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы №2 орта мектеп),  Айым Жанғазина (Жарма ауданы Қалбатау ауылы Маяковский атындағы орта мектебі), 3 орынды Анна Маслова (Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты) иеленді.

Аспаптық номинация бойынша 1 орынды Карина Сорокина (Алтай қалалық №8 орта мектебі), Мейрамбек Қиноятов (Алтай қалалық №8 орта мектебі), 2 орынды Аружан Исаева (Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылы Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), Тимур Бұланов (Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты), 3 орынды Виктория Минеева (Алтай қалалық №8 орта мектебі), Әлихан Мұратбек (Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты) алды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo