Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық вебинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Болашақ үшін есте сақтау" халықаралық вебинары өтті.

Іс-шараға РҒА СБ тарих институтының (Новосібір, РФ), Шәкәрім атындағы университеттің (Семей қ.), С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары, мұрағаттар қызметкерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыс топтарының жетекшілері мен мүшелері, студенттер, магистранттар қатысты.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік комиссия тобының жетекшісі И.В. Ровнякова ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Жарлығының маңызғын атап өтті.

Вебинар қатысушыларының баяндамаларыры саяси қуғын-сүргін тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелерін қозғады. Мәселен, РҒА СБ тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Н.Н. Аблажей (Новосібір, РФ) "Травматикалық кеңестік өткен шақ: тарихи жад саласындағы саясат және практика", РҒА СБ тарих институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Н.А. Потапова "1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алудың мемлекеттік саясаты: Ресей мен Қазақстанның тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo