Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 6В01501 (5В011100) – «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының екінші кезеңі өтті.

2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры А. Тойбаевтың 22.02.2021 ж. №14-2/1-1-ВН хаты негізінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 6В01501 (5В011100) – «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстың II кезеңі өтті.

Байқау комиссия мүшелері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университет ректорының бұйрығымен бекітілді.

Байқауға 16 жоғары оқу орнынан 44 ғылыми жоба ұсынылды.

Комиссия мүшелері аталған жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеп қарап, талқылап, қорытынды жасады.

Жүлделі орынға ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурс талаптарына сай дайындалған төмендегі студенттердің тізімі ұсынылды.

I орын – Дарын Тұрыспек, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, II орын – Әнел Ілиясова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Бекарыс Серғалиев, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, III орын – Аружан Жүсіпәлі, Әсемай Шәріпбай, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақбота Әлібек, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Айжан Күлембетова, Ерлан Кенжебаев, М. Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті.

6В01501 (5В011100) – «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстан жүлделі орынға ұсынылған жұмыстар Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін жіберілді.

Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі,

компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo