Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттері ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «6В01301 (5В010200) – Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының II кезеңі өтті.

Конкурс 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры А. Тойбаевтың 22.02.2021ж. №14-2/1-1-ВН хаты негізінде өткізілді.

Байқау комиссиясының мүшелері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ректорының 2021 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен бекітілді.

Байқауға 14 жоғары оқу орнынан 33 ғылыми жоба ұсынылды.

Комиссия мүшелері аталған жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеп, қорытынды жасады.

Жүлделі орынға төмендегі студенттер ұсынылды: I орын – Аяулым Қанашева (Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті), II орын – Гүлзат Аяп (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Бағлан Қожахмет (І. Жансүгіров атындағы Жетісу университі), III орын – Татьяна Маслова (Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті), Аружан Мысқалбаева (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті), Саида Мұратова (Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті).

 6B01301 (5B010200) «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстан жүлделі орынға ұсынылған жұмыстар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін жіберілді.

Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі,

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo