Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ақын Алмас Сақбаевтың студенттермен шығармашылық кездесуі өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде алпыс жасқа толу мерейтойына орай ақын Алмас Сақбаевтың студенттермен шығармашылық кездесуі өтті.

Бүгін ұлттық рәміздерді ұлықтау күні аясында «Көк тудың желбірегені» рухты оятатын патриоттық әнінің авторы Алмас Ахметбекұлы Сақбаевпен университет жастарының кездесуі өтті.

Алмас Ахметбекұлы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Ол – өткен ғасырдың 80-ші жылдарында поэзияға әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын. «Дауыс», «Ширығу», «Көк тудың желбірегені» өлең кітаптарының авторы.

Кездесу университет ректоры Мұхтар Әділбекұлының құттықтау сөзімен ашылды.

– Сіздің туған жерге келген қадамыңыз, асқарлы 60 жасыңыз құтты болсын! Өзіңізді еліміз қаламгер ретінде құрметтейді. Біздің университетімізде де өлеңдеріңіз үнемі оқылады. «Көк тудың желбірегені» әніңіз спорттық сайыстарда, іс-шараларда жиі шырқалады. Сізге Шығыс Қазақстандағы іргелі оқу орны – С. Аманжолов атындағы университет атынан иығыңызға шапан жауып, «Абай» төсбелігісін тарту етемін, – деп ақынды марапаттады.

Университет түлегі Аян Қалымбек Алмас Ахметбекұлына арнау арнап, «Шабыт» студенттер театры поэзиялық композиция ұсынды. Жастар ақынға көкейдегі сұрақтарын қойып, А.Ахметбекұлы жырларын оқыды. Кеш қонақтарының құттықтауынан соң «Көк тудың желбірегені» әнін университет студенті Таңат Қасым автормен бірге орындады. Кеш студенттерімізге, қонақтарға отаншылдық сезім, патриоттық рух сыйлады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo