Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті ер-азаматтар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Президенті өз жарлығымен Ұлттық Қарулы Күштерді құрды. Бұл күннен еліміздегі маңызды мемлекеттік мерекелердің бірінің тарихы басталады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біз Ұлттық Қарулы Күштердің 29 жылдығын атап өтудеміз.

Біздің университетте Отан қорғаушыларды даярлайтын екі кафедра бар, олардың міндеті – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау. Кәсіби әскери қызметшілерді, офицерлерді, алғашқы әскери дайындық оқытушыларын өткен жылы ашылған Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра және АӘД кафедрасы дайындайды.

Алайда, 7 мамыр – Қазақстан халқын сыртқы агрессияның кез келген көріністерінен қорғайтын жауынгерлердің ғана емес, бүкіл халықтың мерекесі.

Отан қорғаушылар күні құтты болсын, біздің батыл да қайсар азаматтарымыз! Сіздер елдің тірегі, бейбіт және жарқын болашаққа деген сенімі болып табыласыздар. Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Кез келген істе батыл әрі парасатты бола отырып, өз күштеріңізге еш күмән келтірмеңіздер!

Сіздерге зор денсаулық, кез келген жағдайда төзімділік, тұрақтылық, сенімділік және отбасылық бақыт тілейміз! Мереке құтты болсын!

Ректорат 

Қазақ
× You found a Typo