Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика кафедрасында соғыс ардагерлері туралы презентация өтті

Жеңістің 76 жылдығына арналған шараға Физика кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері, ЖҒжТФ студенттері, сондай-ақ Абакан қаласындағы (Хакасия Республикасы, Ресей) №10 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

9 мамырда бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын атап өтеді. Біздің еліміз үшін бұл күн де ерекше мәнге ие. Біздің парызымыз – соғыс туралы тарихи естелікті сақтау, бірде-бір қаза тапқан сарбазды ұмытпай, соғыс және еңбек майданы ардагерлеріне, соғыс балаларына құрмет көрсету.

Ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау, тарихи өткенді және бүгінді құрметтеуге тәрбиелеу, тұлғаның рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 6 мамырда Физика кафедрасының оқытушылары осы атаулы күнге арналған іс-шараны онлайн режимінде Google Meet платформасында өткізді.

Жеңіс күнін жақындатқандарды еске алу үшін Физика кафедрасы қызметкерлерінің отбасы мүшелері туралы презентация ресімделді, оған кафедра қызметкерлерінің туысқан соғыс ардагерлері – Игнат Иванович Черновь, Аманжол Сейтпеков, Спиридон Федорович Гутов, Степан Федорович Гутов, Михаил Федорович Гутов, Владимир Васильевич Михайлов, Леонид Степанович Смолин, Тілеуқан Мағзұмов туралы әңгімелері енді.

45-ші жылдың мамыр айынан бері 76 жыл өтті. Соғыс жылдарының ауыртпалығы мен қасіретін білмейтін адамдардың төртінші ұрпағы дүниеге келді. Тағы да бірнеше жылдар өтеді, тағы бір ұрпақ ауысады, бірақ біздің бабаларымыздың, аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктері есте сақталады.

Іс-шараға Физика кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері, ЖҒжТФ студенттері қатысты, Абакан қаласының (Хакасия Республикасы, Ресей) №10 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Сергеев Захар, Власенко Софа, Гарасимов Александр мұғалім Дарья Евгеньевна Сергееваның жетекшілігімен сөз сөйледі.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo