Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл Шығыс Қазақстаннан 6800 түлек ҰБТ-ға қатысады

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу барынша ашық, ыңғайлы болып табылатын электрондық форматқа толық көшірілді.

6 мамырдан бастап ҰБТ тапсыру басталды, оның нәтижелерімен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады. Жоғары оқу орындарына грантқа түсу үшін Шығыс Қазақстаннан 6864 түлек тіркелді. 

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері тестілеуді өткізу кезінде бақылаушылар тізіміне кірді.

Ведомство басшысы Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады, бұл ретте олар тестілеу күні мен уақытын өздері таңдайды. Грант алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер үздік нәтижесі бар сертификатты ұсына алады.

– Балалар алаңсыз тест тапсыруы үшін барлық жағдайлар жасалған. Тағы бір артықшылығы – нәтижелерді аяқтағаннан кейін бірден білуге болады. Сондай-ақ, ҰБТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды бірден көреді, – деп атап өтті Зейнеп Мақсұтова.

Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда оқушы келесі күнді күтпей-ақ сол жерде апелляцияға электрондық өтініш бере алады.

Қазіргі уақытта тестілеуге 1780 адам қатысты. Белгіленген ережелерді бұзғаны үшін 16 адам шығарылды.

ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақ
× You found a Typo