Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясының жеңімпаздары өз сыйлықтарын алды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық» халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференциясына қатысқан авторларының баяндамалар жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, жеңімпаздарға – Ақтөбе және Абакан қалаларына пошта арқылы сыйлықтары жіберілді.

Бүгінгі таңда конференция материалдарының жинағы мен жүлделер адресаттарға жетті.

Еске сала кетейік, наурыз айында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Google meet платформасында «Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық» конференциясы өткен. Іс-шара Физика кафедрасының әдістемелік жұмысы аясында және қала мен облыс мектептері мұғалімдерінің өтініші бойынша ұйымдастырылды. Конференцияға қатысуға мектеп оқушылары мен колледж студенттері шақырылды.

Оқушылардың үш бағыт бойынша баяндамалары тыңдалды: «Бастауыш мектеп», «Жаратылыстану-математикалық сауаттылық», «Гуманитарлық ғылымдар».

Барлығы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде 44 баяндама тыңдалды.

Жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірақ пандемия жағдайында бұл марапаттарды оқушылар мен студенттерге беру, мектеп оқушыларының жоба жетекшілеріне алғыс хаттар беру өте қиын болды.

Қазіргі уақытта баяндамалар жинағы шығарылды, жеңімпаздарға сыйлықтар пошта арқылы Ақтөбе қаласы мен Абакан қаласына жіберілді.

Хакас политехникалық колледжінің оқытушылары төмендегі хатты жазып отыр: «12 мамырда Хакас политехникалық колледжінде 1, 2 және 3 дәрежелі сертификаттар және конференция жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік сыйлықтар, ал менеджерлерге сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, Абакан қаласының оқушылары да конференцияның бірінші күні жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Хакас политехникалық колледжінің ұжымы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры мен Физика кафедрасына «Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық» конференциясын жоғары деңгейде өткізгендері үшін, талантты және шығармашыл жастарға қолдау білдіргендері үшін алғыс айтады!

Конференцияның жеңімпаздары мен қатысушыларын тағы да құттықтаймыз, ғылыми және шығармашылық қызметте табыс тілейміз! Басшыларға алғысымызды білдіреміз!»

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo