Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары (педагогикалық) кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін педагогикалық даярлау курстарына құжаттарды қабылдау – 24 мамырдан бастап, курстардың басталуы – 1 қыркүйектен бастап

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2020 жылдың 24 мамырынан бастап жоғары (педагогикалық) кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін педагогикалық даярлау курстарына құжаттарды қабылдауды бастайды. 

Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.

Коронавирустық пандемияға байланысты оқыту университеттің білім беру порталы арқылы қашықтықтан жүргізіледі. Алдағы уақытта карантин алынғаннан кейін оқыту дәстүрлі күндізгі оқу түріне көшеді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға "Педагогикалық даярлық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығына сәйкес педагогикалық даярлық курсынан өткені туралы сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз 8(7232)25-22-84, 87052816874, 87055092111, 87082602875, e-mail: resurscentr207@mail.ru.

Курстың басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегінен, оқу мерзімі 7 айды құрайды, 40 кредитті игеру (1200 сағат). Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді. Курстың құны – 230 мың теңге.

Құжаттар тізімі:

1) ЖОО басшысының атына еркін формадағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) 075-У формасындағы медициналық анықтама);

6) білімі туралы құжаттар: техникалық және кәсіптік, келесі білімі туралы, жоғары білімі туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы.

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo